Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мерзімді созу үшін әдейі жасалады": Антикор Ақтөбе облысындағы "Қазавтожолдың" баяу жұмысын сынға алды

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысындағы жол жөндеу жұмыстары
Ақтөбе облысындағы жол жөндеу жұмыстары. Фото: Антикор

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың жұмысын сынға алды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды салуға тартылған мердігер ұйымдардың тиімсіз жұмысы аталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың облыстық департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, айтылған сын Ақтөбе-Қандыағаш және Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын бағытындағы автомобиль жолдары туралы болды.

Облыстық Департаментпен жүргізілген мониторинг құрылыс қарқынын кешіктіретін және сапасыз жұмыстарға әкелетін жайттарды көрсетті.

Барлық белгіленген ережебұзушылықтар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ филиалы басшылығының және құрылыс барысында тартылған мердігер ұйымдардың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде айтылған.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиевтің айтуынша:

"Біз осы нысандарға жеке барып, мердігер ұйымдардың да, тапсырыс берушінің де пассивті жұмысына куә болдық. Тапсырыс беруші тиісті бақылауды жүзеге асырмайды, жұмыстар мерзімдерін бұза отырып жүргізіледі. "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолының учаскесінде төрт бригаданың тек біреуі ғана жұмыс істейді. Тиісті жұмыстар жоспарлы мониторингтер кезінде ғана жүзеге асырылады. Мысалы, мердігер ұйым осы уақытқа дейін Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын бағыты бойынша автожолды салуға кіріспеген. Бұл ретте құрылыс шарты ағымдағы жылдың ақпан айында жасалған, өйткені техникалық қадағалау белгіленбеген"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің пікірінше, мұндай жағдайлар құрылыс жұмыстарының құнын қайта қарау және құрылыс мерзімдерін созу мақсатында әдейі жасалады.

Жиында Қандыағаш қаласына дейінгі жолды қайта жаңарту жұмысын екі мердігер ұйым – "СинеМидасСтрой" ЖШС және "АстанаДорСтрой" 4 жыл бойы жүргізіп жатқаны, бұл ретте мониторингпен құрылыс жұмыстарының уақтылы аяқталмау тәуекелдері белгіленгені атап өтілді.

Сондай-ақ қалыптасқан жағдайға қарамастан, "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автожолы стратегиялық учаскесін салу туралы шарт қайта "СинеМидасСтрой" ЖШС-мен жасалғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ға республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын бақылауды күшейту, сондай-ақ объектілерді уақтылы пайдалануға беру бойынша ұсынымдар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119698-merzimdi-sozu-ushin-adeii-zhasalady-antikor-aqtobe-oblysyndagy-qazavtozholdyng-baiau-zhumysyn-synga-aldy/