Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен ЕО виза рәсімдерін жеңілдету бойынша келіссөздер бастады

Жарияланған күні:

Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Астанада өткен брифингте виза рәсімдерін жеңілдететін мүмкіндіктер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Брифингте сөйлеген Дэвид О'Салливан ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамып келе жатқанын айтты.

"Біз бір-бірімізге маңызды серіктеспіз. Еуроодақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі және тікелей шетелдік инвестицияның ең үлкен көзі. Сондай-ақ біз осы серіктестік аясында өзіміз де дамып келеміз. ЕО мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту міндетін орындаймыз", - деді ол.

О'Салливан виза рәсімдерін жеңілдету мүмкіндіктері туралы да айтты.

"Біздің ынтымақтастығымыз бен байланысымызды одан әрі нығайтуға септігін тигізетін виза рәсімдерін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастағанымызды қуана-қуана хабарлаймыз", - деп түйіндеді сөзін арнайы өкіл.

Жыл басында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен виза режимін жеңілдету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119731-qazaqstan-men-eo-viza-rasimderin-zhengildetu-boiynsha-kelissozder-bastady/