Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Торғын Тасыбекова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Жарияланған күні:

Торғын Тасыбекова
Торғын Тасыбекова. Фото: t.me/qazaqstantv

Актриса, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлады.

"Торғын Тасыбекова әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермен ілтипатына бөленген.

Актриса сомдаған 200-ге жуық рөл – қазақ сахнасының қайталанбас мұрасы", - делінген ұлттық телеарна таратқан ақпаратта.

Халық әртісі асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрында қызмет етті.

"Уикипедия" ашық энцеклопедиясындағы мәліметтерге сүйенсек, Торғын Жылқышықызы Тасыбекова 1938 жылы 15 тамызда Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факултетін (халық артисі, профессор Асқар Тоқпановтың классын) бітірген.

1961 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданған. Бүгінгі күнге дейін қара шаңырақта қызмет еткен. Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай трагедиясындағы” Мағыш. Торғын әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119734-aktrisa-torgyn-tasybekova-86-zhasqa-qaragan-shagynda-dunieden-ozdy/