Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде қатты дауыл ағаштарды құлатып, қаланың бір бөлігін жарықсыз қалдырды

Жарияланған күні:

Дауылдан құлап кеткен ағаш
Құлаған ағаш. Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Өскеменде қатты дауыл ағаштарды құлатып, кейбір тұрғындарды жарықсыз қалдырды – жауапты мекемелер қолайсыз ауа райының салдарын жоюға кірісті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, желден құлаған ағаштар бірнеше көлікті зақымдаған. Табиғи апат бес шағын ауданның тұрғындарын жарықсыз қалдырды.

Сондай-ақ Сәтбаев даңғылындағы коллектор жаңбыр ағынына төтеп бере алмаған, салдарынан жерден су атқылай бастаған.

"Тым көп су төгілгенде орталық коллектор кернеуінен асып, жоғары қарай дренаждайтынын байқадық. Қазір тасқын тұрақталды, шалшық пен гейзерлер жоғалып кетті. Электр қуаты бойынша бірнеше апатты сөну болды, қаланың сол жағалау бөлігіндегі 5 учаскеде, біздегі ақпарат бойынша, қызмет көрсетуші ұйымдар қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті", - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның шығыс өңірлерінің тұрғындарын тағы да дауылды ауа райы күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119893-oskemende-qatty-dauyl-agashtardy-qulatyp-qalanyng-bir-boligin-zharyqsyz-qaldyrdy/