Қорғас ШЫХО-ның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жарияланған күні:
Прокурордың шағымы бойынша Жетісу облысында "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан Бас прокуратурасының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпаратынша, прокуратура органдарының тексеру шаралары бойынша 2018 жылы 900 шаршы метрден асатын "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылғаны анықталды.
Кейін 2023 жылы оның астындағы 1,9 га жер учаскесін уақытша пайдалану бойынша 500 мың теңгеге қосымша сатып-алу келісімшарты жасалған.
Алайда екі жақ тарап мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау жұмыстары бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген.
"Жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған. Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылы 19 наурыздағы заңды күшіне енген шешімі бойынша талаптар қанағаттандырылып, келісімшарттар жарамсыз деп танылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120097-qorgas-shyho-nyng-mulki-memleketke-qaitaryldy/