Астананың жаңа ауданына қандай атау берілгені белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстана қаласының мәслихатында Алматы ауданы екіге бөлінгеннен кейін пайда болатын жаңа, алтыншы ауданның атауы қандай болатыны туралы шешім қабылданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ауданға "Сарайшық" атауын беру ұсынылды.
"Ғалымдардың қатысуымен бірнеше жиын өткіздік. 15-ке жуық ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде төртеуі таңдалды – Сарайшық, Сауран Тұран және Жерұйық. Осы нұсқалар бойынша ономастикалық комиссияның кезекті отырысын өткіздік. Олардың әрқайсына дауыс берілді. Көпшіліктің шешімі бойынша Сарайшық атауы таңдалды.
Бұл қаланың тарихын бәрі біледі. Бұл ортағасырлық қала, Алтын Орданың астанасы, кейін Қазақ хандығының бас қаласы. Бұл Жібек Жолының бойында шығыс пен батысты байланыстыратын ірі қала болған еді", - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Ведомство ақпаратына сәйкес, дауыс беру өтіп, оның қорытындысы бойынша ауданға "Сарайшық" атауын беру туралы шешім қабылданды. Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимовтың айтуынша, бұл ұсыныс кейін республикалық ономастикалық комиссияға жолданған.
Еске салайық, бұған дейін жаңа ауданға Сарайшық, Тұран, Сауран немесе Жерұйық деген 4 атауының бірін беру ұсынылғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Астанада жаңа ауданның атауына қатысты тыңдаулар өткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120124-astananyng-zhanga-audanyna-qandai-atau-berilgeni-belgili-boldy/