Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда тұрғын үй қызметі басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Петропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді", - делінген хабарда.

Құзырлы орган тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

Антикор мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120232-petropavlda-turgyn-ui-qyzmeti-basshysy-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/