Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

Атырау қаласының №2 сотында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы дерегі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120265-atyrau-oblysynda-memlekettik-engbek-inspektsiiasy-basqarmasynyng-bolim-basshysy-sottaldy/