Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 48 жаста мектеп тәмамдаған ер адам аттестат алды

Жарияланған күні:

мектеп парта
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайдағы №38 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер оқуын тәмамдап, аттестат алды. Кезінде мектепті тастап кеткен жігіт ағалары білім ордасына қайта оралған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәліметінше, 1976 жылы туған С. есімді азамат 16 жылға сотталған. Ол 9 жыл жазасын өтегеннен кейін кешкі мектепте білімін жалғауға бел буған. Қостанайдағы №38 түзеу мекемесінің жасақ басшысы мен ұстаздар қолдау көрсетіп, мектеп оқушылары қатарына қосқан.

"Ол енді білімін әрі қарай жалғап, колледжде жұмысшы мамандығына оқығысы келеді. Бүгінде жұмыс істеп, жалақысына қарыздарын жауып жатыр", - дейді департамент өкілі.

Биыл жалпы №38 түзеу мекемесінде 26 жазасын өтеуші 11 сыныпты тәмамдаған. Кешкі мектеп оқушыларының ең кішісі 22 жаста болса, ең үлкені 48 жасында аттестат алып отыр.

Автор: Гүлнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120295-qostanaida-48-zhasta-mektep-tamamdagan-er-adam-attestat-aldy/