Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз жылу электр орталығы "Самұрық-Энерго" компаниясына берілді

Жарияланған күні:

ЖЭО-ның мұржасы. Көрнекі сурет
ЖЭО-ның мұржасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Екібастұз қаласының әкімдігі биыл күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған Екібастұз жылу электр орталығын "Самұрық-Энерго" АҚ сенімгерлік басқаруына берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, "Самұрық-Энерго" станцияны еншілес ұйым Energy Solution Center ЖШС арқылы басқарады.

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Қайрт Мақсұтов станция активтерімен кездесу өткізіп, "Energy Solution Center" ЖШС бас директоры Айдарбек Қыстаубаевты, сондай-ақ өндіріс, қаржы және қолдау жөніндегі орынбасарларын таныстырған.

"Самұрық-Энерго" басшысы биыл Екібастұз ЖЭО-ның кейбір энергетикалық қазандықтары мен қосалқы жабдықтарын жөндеу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ жиын қорытындысы бойынша станция басшылығына алдағы жылу беру маусымына сапалы дайындық және жөндеу науқанын өткізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Екібастұз ЖЭО 1956 жылы пайдалануға берілген. ЖЭО Екібастұз қаласын жылумен толық қамтамасыз етіп отыр.

Мамыр айында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласының жылу беру маусымына дайындығын тексеріп, Екібастұз ЖЭО-да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120370-ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygy-samuryq-energo-kompaniiasyna-berildi/