Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында екі ай бұрын жоғалған жігіттің отбасымен қауышқан сәті түсірілген видео жарияланды

Жарияланған күні:

Жігіттің отбасымен қауышуы
Жігіттің отбасымен қауышуы. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Полицейлер биыл сәуір айынан хабарсыз кеткен 20 жастағы жігітті тапты. Жігіттің отбасымен қауышқан қуанышты сәті видеоға түсірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлы жоғалып кеткенін айтып, жүгінген.

"18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды", - дейді Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.

Тәртіп сақшылары туыстары мен жоғалған жігіттің кездескен кезі түсірілген видеоны жариялады.

Жігіттің ата-анасы мен әжесі полицейларге алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120430-zhetisu-oblysynda-eki-ai-buryn-zhogalgan-zhigitting-otbasymen-qauyshqan-sati-tusirilgen-video-zhariialandy/