Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғы әйеліне жақындауға тыйым салынған": Абай облысында қаулыны бұзған тұрғын қамалды

Жарияланған күні:

Қамау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облысының тұрғыны бұрынғы жұбайын балағаттап, ар-намысына тиіп, отбасының шырқын бұзғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін ер адамға бұрынғы әйеліне баруға, ізіне түсуге тыйым салынған, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абай облысы Ақсуат аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сот материалдары бойынша құқықбұзушы тұрғын мінез-құлқына ерекше талаптар 3-ай мерзімге тағайындалып, оның ішінде алкоголь өнімдерін ішуге, жәбірленушінің (бұрынғы жұбайы) еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салынғаны анықталды.

Алайда тұрғын түнгі уақытта алкогольге масаң күйде бұрынғы жұбайын балағаттап, ар-намысына тиіп, отбасының шырқын бұзған.

"Сот қаулысымен құқықбұзушы С. кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды", - деп хабаралы облыстық сот өкілдері.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120457-buryngy-aieline-zhaqyndauga-tyiym-salyngan-abai-oblysynda-qaulyny-buzgan-turgyn-qamaldy/