Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымдыіс-шаралар өтті

Жарияланған күні:

Акцияға қатысушылар
Акцияға қатысушылар. Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясындаөңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысып жатыр.

Бүгін Павлодар облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушы жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және жай ғана бей-жай қарағысы келмеген азаматтар бар.

Басты мақсат – біздің ортақ үйімізді таза және әдемі ету, және, әрине, экология мәселелеріне және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аудару. Барлығы 20-дан астам түрлі акция өтті.

Павлодар қаласында Павлодар облысы Жастар ассамблеясының бастамасымен "greenpvl" экоклубының тұсаукесері өтті. Презентация қатысушыларына қоршаған ортаны қорғаудың маңызы түсіндірілді. Павлодардың белгілі эколог ғалымдары сөз сөйледі. Тұсаукесер соңында жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді.

Жастарды экологиялық мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында облыс орталығында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілерімен қызметкерлерінің бастамасымен қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді енгізуге бағытталған "ЭкоДесант" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында бір топ эковолонтерлер ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен алаңдарды қоқыстарды тазарту үшін күні бойы аралап шықты. Сонымен қатар ЭКОДЕСАНТ СОО-мен адамдар көп жиналатын орындарға барып, облыс орталығының тұрғындарына қалдықтарды бөлек жинауға және қайта өңдеуге халықты тарту туралы ақпараттық буклеттер таратты.

Акцияға қатысушылар
Акцияға қатысушылар. Фото: gov.kz

Ақсу қаласында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлерімен жұртшылықтың қатысуымен "Таза жағалау" экологиялық акциясы өткізілді. Акцияның негізгі лейтмотиві – су айдындарының жағасында санитарлық тәртіпті сақтау, қоғамдық белсенділікті дамыту және халықтың табиғатқа ұқыпты қарауы.

"Бұл акция көптеген адамға өзеннің экологиялық жай-күйін жақсарту, халықтың назарын табиғат берген байлыққа ұқыпты қарау және онымен үйлесімді өмір сүруді үйрену үшін проблемаға аудару ниетінде үлгі бола алады", - деді Ақсу қаласының МДМ басшысы Қабылды Әлібек.

Усолка шағын ауданының шаңғы базасында 200-ден астам жастың қатысуымен "Жасыл ел" студенттікқұрылыс және жастар жасақтарының Павлодар штабы ұйымдастырған "Jasyl party" жастар экологиялық тимбилдингі ауқымды өтті.

Тимбилдинг аясында жастар база аумағын қоқыстардан тазарту бойынша сенбілік өткізді және аяқталғаннан кейін олар үшін көңілді старт түрінде белсенді демалыс ұйымдастырылды, онда балалар бір-бірімен жарысып, әрқайсы өздерінің дене шынықтыру дайындықтарын көрсетті.

Акцияға қатысушылар
Акцияға қатысушылар. Фото: gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120472-taza-qazaqstan-aktsiiasy-aiasynda-pavlodar-oblysynyng-qalalary-men-audandarynda-auqymdyis-sharalar-otti/