Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы 10 күнде Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Құрғаған жер
Құрғақшылық. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы 10 күнде Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы 10 күнде Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін.

Атап айтқанда:

  • Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;
  • Түркістан облысының Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында;
  • Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында;
  • Ұлытау облысында Ұлытау ауданында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120676-sinoptikter-elimizding-birneshe-ongirinde-qurgaqshylyq-boluy-mumkin-ekenin-eskertti/