Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң күшіне енді

Жарияланған күні:

Вейп
Вейп. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 20 маусымда Қазақстанда вейптер мен шекпейтін темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға 19 сәуірде қол қойған болатын. Бүгін ол ресми түрде күшіне енді.

Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Бүгін күшіне енген Қылмыстық кодекстің 301-1 бабы шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және таратқаны үшін 200 АЕк дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Бұл ретте шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

  • оларды қылмыстық топ жасаса;
  • олар аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса;
  • бірнеше рет жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, 5000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120694-qazaqstanda-veipterdi-satuga-tyiym-salatyn-zang-kushine-endi/