Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны сүрілді
Жарияланған күні:
Читать на русскомКеше, 19 маусымда Алматыда сот екі жыл бұрын рұқсатсыз салынған құрылыс деп таныған көлік жуу орнын сүру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Солтүстік айналма жолы көшесінің солтүстігінде, Бекмаханов көшесінің батысында орналасқан учаскеде жоспардан тыс тексеру кезінде автокөлік жуу қызметінің рұқсат құжаты болмағаны, ол заңсыз тұрғызылғаны анықталған.
"Басшылық Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен аудандық сотқа жүгінді.
Бір күн бұрын меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен аталған нысанды өз еркімен сүру жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы уақытта Алматыда заңсыз салынған ғимараттар мен құрылыстар жиі сүріле бастағанын байқалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120766-almatyda-zangsyz-salyngan-kolik-zhuu-orny-surildi/