Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғындары күйік иісіне шағымданды

Жарияланған күні:

Павлодар мұнай-химия зауыты
Павлодар мұнай-химия зауыты. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласы тұрғындарының мұнай өнімдерінің иісіне қатысты көптеген шағымына байланысты ауа параметрлерінен сынамалар алына бастады. Күйік иісінің себебі толық талдаудан кейін хабарланады, деп жазады Pavlodarnews.kz басылымы.

Қала тұрғындарының мұнай өнімдерінің иісіне қатысты көптеген шағымына байланысты экология департаменті, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаменті және "Қазгидромет" филиалының мамандары ауа параметрлерінің өлшеуін бастады.

Өлшемдер "Компания Нефтехим LTD" ЖШС, "ПНХЗ" ЖШС және асфальт-бетон зауыттарының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жүргізілді. Дәл сол орындарға мұнай өңдеу өнімдерінің шығарындылары тән.

"Барлық шағым кеше түнде түскен, ал талдау күндіз жасалған. Сондықтан деректердің сенімділігі үшін мониторинг түнгі уақытта жалғасады. Нәтижелері толық талдаудан кейін хабарланады", - дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120775-pavlodar-turgyndary-kuiik-iisine-shagymdandy/