Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа тағылған айып алынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық топ-менеджер Владимир Жұманбаевқа бұған дейін тағылған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген айыпты алып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Ол бұрын Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінген.
"19 маусымда Жұманбаев Қырғызстан Республикасына келіп, оның белсенді қатысуымен тергеу органдарымен бірқатар тиісті тергеу-жедел шарасы жүргізілді", - делінген Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдемесінде.
Қорытынды бойынша Жұманбаевтың ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне және қаржыландыруына қатысы жоқтығына байланысты бұған дейін тағылған айыптар алынды. Сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды.
Еске салайық, бұған дейін желіде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС топ-менеджері және "Алтын Алмас", "Қаражыра" компаниясының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған еді.
"Қазақмыс Холдингі" өкілдері ҚызғызстанҰҚК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ екенін, сонымен қатар құқық қорғау органдарына тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Владимир Жұманбаев 2024 жылдың мамыр айындағы рейтингте елдегі ең бай бизнесмендер тізімінде 25-ші орынды иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120829-qyrgyzstanda-qazaqstandyq-kasipker-vladimir-zhumanbaevqa-tagylgan-aiyp-alyndy/