Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мемлекеттік қордан грант, пәтер алуға көмектесем деп алдаған әйелге 30 млн теңге берген

Жарияланған күні:

Табысты есептеу
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысы Қарасай ауданында тұрғындар мемлекеттік қордан грант пен пәтер алуға көмектесемін деген әйелге 30 млн теңгеден астам ақша беріп, алданып қалған. Жалған уәде берген әйел ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Қарасай аудандық полициясына алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет беретін өтеусіз гранттарды алуға, сондай-ақ тұрғын үй қорынан пәтер алуға көмек көрсетуге уәде еткен. Залалдың жалпы сомасы 30 миллион теңгеден асты.

"Алаяқ сенімді азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде берілетін өтеусіз грант алуға көмектесуге уәде берді. Бұл ретте қажетті шығыстарға, сондай-ақ жаңа бизнесті бастауға және дамытуға өтінімдерді мақұлдау үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің 10% төлеу қажет деп мәлімдеді. Сонымен қатар алаяқ мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру бойынша алаяқтық схемалармен жұмыс істеді. Барлық жағдайда іс-әрекеттер тек уәделермен шектелді", - деп атап өтті Қарасай аудандық ПД бастығы Елзат Қанатұлы.

Полиция қызметкерлері әйелді анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта оның 10-нан астам осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі дәлелденді. Тергеу кезеңінде күдікті үй қамауында ұсталады.

ІІМ өкілдері қазақстандықтарды алдау әрекеттерінің жиілеуіне байланысты өңір полициясы азаматтарды мұқият болуға және белгілі бір ақшалай сыйақыға гранттар, субсидиялар, несиелер және өзге де қаражаттарды алуға көмектесуге ниет білдірген күдікті адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120853-qazaqstandyqtar-memlekettik-qordan-grant-pater-aluga-komektesem-dep-aldagan-aielge-30-mln-tengge-bergen/