Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кептеліс бар, демек даму да бар": көлік вице-министрі Астанадағы кептеліс туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астана қаласы
Астана қаласы. Көрнекі сурет: LUDOVIC MARIN/AFP via Getty Images

Бүгін сенат кулуарында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астанадағы көлік кептелісі мен жол жөндеу жұмыстары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мақсат Қалиақпаров жол құрылысы әкімдіктердің құзырында екенін айтты.

"Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бар. Мұның бәрін солар жоспарлап отыр. Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бар... Биыл ма, былтыр ма кең көлемді талқылау болды, оның ішінде Астананың да дамуы бар. Оған журналистер мен тұрғындар қатысты. Кептеліс жол жөндеу жұмыстарынан туындап отыр. Кептеліс болса, демек даму бар. Даму деген – жақсы", - деді ол.

Толық мәлімет алу үшін жергілікті атқарушы органдарды нұсқады.

"Арнайы жол қозғалысы ұйымы бар, бұл солардың құзыретіне кіреді", - деп түйіндеді сөзін Мақсат Қалиақпаров.

Бұған дейін Астанадағы кептелістер қолданбалар мен карталарда 7 балды көрсеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2120958-keptelis-bar-demek-damu-da-bar-kolik-vitse-ministri-astanadagy-keptelis-turaly-pikir-bildirdi/