Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгодағы" зорлау ісі: неліктен бір сотталушы мерзімінен бұрын босатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктілер
Күдіктілер. Фото: NUR.KZ

"Тұлпар-Тальго" пойызында жолаушыны зорлағаны үшін бес жылға сотталғандардың бірі неліктен мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Teleram-дағы ресми арнасында жарық көрген ақпарат бойынша, 2019 жылғы желтоқсанда Қостанай қаласында Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам 2022 жылғы мамырда жазасының жартысын өтеуіне байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгінген.

"Жазасын өтеу кезеңінде жақсы мінез-құлқы, еңбекке адал көзқарасы, сондай-ақ мекемеде өткізілетін спорттық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін оң бағаланды, бірнеше рет көтермеленді, жазаны қамауда ұстаудың жеңіл жағдайында өтеді. Жазаны өтеу мерзімі ішінде ешқандай қасақана заңбұзушылыққа жол берген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Бұған қоса жәбірленушіден материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап бірден қойылмағаны, сот үкімі бойынша сотталған адамнан өндірілген басқа да сомалар толық көлемде төленгені ескерілген.

"Осы мән-жайлар бойынша сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға мүмкіндігі болды. Заңда көзделмеген себептер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуға тыйым салынады", - деп нақтылады сот өкілдері.

Сондықтан сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121051-talgodagy-zorlau-isi-nelikten-bir-sottalushy-merziminen-buryn-bosatyldy/