Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік неліктен Бурабайда жайлы пәтерлерді сатып алып жатыр

Жарияланған күні:

Щучинск қаласындағы тұрғын үй кешені
Щучинск қаласындағы тұрғын үй кешені. Фото: t.me/Aqmola_region

Ақмола облысы Бурабай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жайлылығы жоғары пәтерлер сатып алынып жатыр. Бұл туралы аудандық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпарат бойынша, бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ауданына жұмыс сапары аясында Щучинск қаласындағы "Алтын", "Тұмар" тұрғын үй кешендерін аралап көрді, онда халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындар үшін 40 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

"TASU COMPANY" ЖШС директоры Хасан Мусхажиев үй құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Пәтерлер таза әрленіп тапсырылады және барлық қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Кездесу барысында өңір басшысы құрылыс компаниясы өкілдерінің назарын тұрғын үй құрылысының сапасына аударды.

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: t.me/Aqmola_region

"Сатып алынатын пәтерлер көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады, сондықтан пәтерлер жоғары жайлылықтың барлық қажет стандартына сәйкес келуі керек",- деді Ахметжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121096-akimdik-nelikten-burabaida-zhaily-paterlerdi-satyp-alyp-zhatyr/