Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Сайын-Мөңке би жолайрығы қашан ашылатыны белгілі болды (фото)

Жарияланған күні:

Алматыдағы Саин-Мөңке би жолайрығы құрлысы
Алматыдағы Саин-Мөңке би жолайрығы құрлысы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Сайын-Мөңке би жолайрығында көлік қозғалысы шілденің аяғында ашылады. Жолайрықтың ашылуы Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесін біршама азайтады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Таяуда Сайын-Мөңке би жолайрығында көлік қозғалысы ашылады. Сайын көшесін ұзарту Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 30 пайызға азайтады.

Ерболат Досаев жолайрық құрылысмен танысып тұр
Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралау барысында жол инфрақұрылымын дамыту қарқынымен танысты. Мегаполис басшысына Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан салынып жатқан жолайрыққа дейін Сайын көшесін тесу жұмыстары туралы баяндалды.

"Беде жапырағы" типі бойынша салынып жатқан жолайрықты іске қосу ҮАААЖ-ға шығу кезінде екі үлкен магистральға көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жобада ұзындығы 2,3 км болатын тротуарлар мен веложолдар жүргізу көзделген.

Инженерлік желілерді шығару, тоннель мен рампаны бетондау жұмыстары жүргізілген, қазір съездерді орнату, жарықтандыру, съездерді асфальттау және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар ұзындығы 3,2 км болатын Рысқұлов даңғылынан Сайын көшесі бойында салынып жатқан жолайрық бағытында тесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырық Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 30 пайызға төмендетіп, Рысқұлов даңғылының оңтүстігінде және Мөңке би көшесінің солтүстігінде Сайын көшесінің учаскелерін қосуға арналған", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ әр бағытта жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдары бар үш жолақты жол салу жоспарланған.

Алматыдағы Саин-Мөңке би жолайрығы құрлысы
Алматыдағы Саин-Мөңке би жолайрығы құрлысы. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазіргі уақытта 66 жер учаскесінің 65-і сатып алынған, инженерлік желілерді қайта құру, жер төсемінің, тротуарлар мен веложолдардың табанын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121114-almatydagy-saiyn-mongke-bi-zholairygy-qashan-ashylatyny-belgili-boldy-foto/