Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Жарияланған күні:

Бәйтерек
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

2024 жылдың шілде айында қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс алады – келесі айда барлығы 9 күн демалыс болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесіне сәйкес, Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылды.

Күнтізбе
Күнтізбе. Скриншот: egov.kz

Бұл кесте аптасына 5 күн жұмыс істейтіндерге арналған. Ал аптасына алты күн жұмсы істейтіндерге 8 шілде әдеттегі жұмыс күні болады.

Айта кетейік, 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Қазақстан президентінің республика астанасын Алматыдан Ақмола қаласына (қазіргі Астана) көшіру туралы ұсынысын қабылдау туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге Ақмола 1997 жылы 10 желтоқсанда ресми түрде Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 6 шілде Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121510-qazaqstandyqtar-shildede-qansha-kun-demalady/