Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

Жарияланған күні:

Қаламмен жазып отырған адам
Қаламмен жазып отырған адам. Фото: freepik / jannoon028

Мамандар Қазақстанда қанша талапкер ҰБТ тапсырғанын, қанша түлектің тест нәтижесі жойылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде талапкерлердің 76 пайыз шекті балл жинады. Түлектердің орташа балы – 68 балл, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138 балл;

Ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Орталық өкілдері ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылғанын мәлім етті. Атап айтқанда:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы "Математика-Физика", 16 пайызы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121729-elimizde-400-dei-tulekting-ubt-natizheci-zhoiyldy/