Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш миллион халық кредитін өтей алмай отыр": Ермұрат Бәпи үкімет жұмысын сынға алды

Жарияланған күні:

Үстелде жатқан ақша, калькулятор мен телефон
Ақша мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи үш миллион қазақстандықтың кредитін өтей алмай отырғанын тілге тиек етіп, үкімет жұмысына қанағаттанарлық емес деп баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ол үкімет жұмысына халықтың жағдайына қарап баға беретінін айтты.

"Мен экономика маманы емеспін. Үкімет жұмысына халықтың жағдайына қарап баға беремін. Тоғыз миллион халық кредит алған. Оның үш миллионы кредиттің қамытын киіп, өтей алмай отыр. Жалпы кредит алынған сома – 17-18 триллион. Халық алған 200 мың айлығының 100 мыңнан астамын кредит жабуға жұмсайды. Қалған 100 мыңы өмір сүруге жетпейді. Сондықтан елде наразылықтар туып жатыр деп ойлаймын", - деді депутат.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ермұрат Бәпи Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтқан болатын. Ол қастандық жасау Қазақстан билігіне қажет емес екенін, мұны үшінші күштер ұйымдастыруы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121771-ush-million-halyq-kreditin-otei-almai-otyr-ermurat-bapi-ukimet-zhumysyn-synga-aldy/