Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ойыншық қонжық
Ойыншық қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде Астанада бала күтуші әйел екі жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл мәліметке елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram-дағы арнасында арнасында жарияланды.

"Кейбір ақпарат көздері Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтушінің ұсталғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды арна авторлары.

Бұл оқиға бойынша Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәлімет берді.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді", - деді елордалық полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, былтыр күзде Астанада бала күтуші мен онымен бірге тұратын ер адам бала өлтіргені үшін жазаланған болатын. Полицияның мәліметінше, олар балаға физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121834-astanada-bala-kutushi-sabidi-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/