"Аптасына 124 рейс": қазақстандықтар енді Қытайға жиі қатынай алады
Жарияланған күні:
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124 рейске дейін ұлғайтылады. Бұл туралы екі елдің авиациялық билігі арасындағы келіссөздер нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Комитет мәліметінше, Сиань қаласында Қытай – Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді.
"Келіссөздер барысында екі елдің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту және жиіліктер бойынша қандай да бір шектеусіз жүк рейстерін орындау мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді", - делінген хабарда.
Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пунктер қосылды.
Өз кезегінде қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші "ауа еркіндігін" пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында алғаш рет "ашық аспан" режимі орнатылды, оның шеңберінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, аптасына 42 рейске дейін орындау құқығына ие болды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қытайға рейстерді орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121867-aptasyna-124-reis-qazaqstandyqtar-endi-qytaiga-zhii-qatynai-alady/