Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда қауіпті жағдайда өмір сүрген бірнеше бала анықталды

Жарияланған күні:

Өкпелеп отырған бала
Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында уәкілетті органдар балаға қолайсыз және қауіпті жағдай туғызған отбасылар анықталды. Бұл туралы облыс прокурорының кәмелетке толмағандар құқықтарының заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Ирада Жүсіпова мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымы.

Басылмыс мәліметінше, облыс прокуратурасының бастамасымен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түрлі санаттағы (толық емес, асырап алушы, есепте тұрған өгей әкелерімен бірге тұратын) 4,5 мыңнан астам отбасы тексерілген.

"Балалардың қолайсыз жағдайда тұруы, ата-аналарының мас күйінде болғаны туралы деректер анықталды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 18 адам, яғни ата-аналар, заңды өкілдер жауапкершілікке тартылды", - деді Ирада Жүсіпова.

Бұл ретте, өмірге қауіп төндіретін жағдайда тұрған бес бала отбасынан айырылған. Бұл мәселелер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралды. Сондай-ақ ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап-арыздар басталған.

Жүсіпованың сөзінше, Павлодар қаласында пәтерде анасы мен кәмелетке толмаған екі бала тұратыны анықталған. Олармен бірге пәтерде мас күйінде бөтен адам болған. Анасының айтуынша, ол балаларды арасында қарайласып тұрады. Аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Отбасы ішкі істер органдарында есепке қойылып, бақылауға алынған.

"Сондай-ақ Павлодар ауданында екі бала бірнеше күн мектепке бармаған. Ата-аналары алкоголь сусындарын ішкен. Бұл мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылып, отбасы ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121894-pavlodarda-qauipti-zhagdaida-turgan-birneshe-bala-otbasynan-aiyryldy/