Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірге пәтер жөндеп жатқанда әйелін соққыға жыққан Ақтөбе тұрғыны сотталды

Жарияланған күні:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе тұрғыны пәтерде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан кезде әйелімен жанжалдасып, жұбайының денсаулығына ауыр зиян келтірді. Сот ер адамды бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылым мәліметінше, ерлі-зайыптылар Ақтөбедегі Рысқұлов көшесіндегі пәтерін жөндеу кезінде, екеуі де ішімдік ішіп, төбелескен. Ер адам әйелінің бетінен ұрып, соққыға жыққан. Ауыр соққыдан кейін әйел ауруханаға түскен.

Тексеру барысында оның денсаулығына ауыр зақым келгені анықталып, атап айтқанда әйелге үш қабырғасының жабық және күрделі сынуы және оң жақ жарақаты диагнозы қойылған.

Ер адамға денсаулыққа ауыр зақым келтірді деген айыппен айып тағылды. Ол әйелін соққыға жыққаннан кейін, ұйықтап қалған. Күйеуі сотта әйеліне зиян келтірем деп ойламағанын айтты.

Сотта жәбірленуші күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрағанымен, сот 54 жастағы Ақтөбе тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121918-birge-pater-zhondep-zhatqanda-aielin-soqqyga-zhyqqan-aqtobe-turgyny-sottaldy/