Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Бектенов: Ел экономикасында өсу мүмкіндіктері бар және біз олардың әлеуетін ашу үшін жұмыс істеп жатырмыз

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету жөнінде қойған міндетін іске асыру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, биыл құрылыста кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

"Президенттің тапсырмасы бойынша Отбасы банкінің жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары іске қосылды: Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" жаңа бағдарламалары бойынша 64 мың адамнан өтінімдер қабылдады.

Үкімет "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруға тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді тартады. Биыл "Бәйтерек" желісі бойынша жобаларды 3 трлн теңгеден астам, "Самұрық-Қазына" қаражаты есебінен – 700 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жоспарлануда", - деді Бектенов.

Премьер-министр отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін ұлттық режимнен алып тастау тізбесі 4 есеге кеңейтілетінін хабарлады.

"Біз оны төрт есеге арттырдық. Егер жыл басында тізбе 1 мыңға жуық тауардан тұрса, қазір оның 4 мыңнан астам атауы бар", - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Олжас Бектенов су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары ьуоады ақпарат берді.

"Мұның барлығын тез жасау үшін қазір үлкен ресурстар тартылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілетін болады", - деді ол.

Одан бөлек, Бектенов үкімет бар резервтер мен күштерді жұмылдырып, экономика өсіміне қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жұргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазірдің өзінде экономиканың кейбір салаларында өсу қарқыны жаман емес. Мысалы, құрылыс, көлік, байланыс салаларында өсу қарқыны 8%-ды жуық.

Біздің пікірімізше, экономикамыздың кейбір салалары өте жоғары өсу әлеуетіне ие. Құрылыс, инфрақұрылым және өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіп кешені. Сондықтан біз үкімет тарапынан осы салаларға ауқымды мемлекеттік қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау үкімет үшін өте маңызды және негізгі тірек нүктесі болып табылады.

"Біз қазір қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса көңіл бөлеміз. Егер ауыл шаруашылығы бағытына тоқталсақ, біз осы саланы қаржыландыруды 4 есеге арттырамыз. Яғни 540 млрд теңге біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерімізге бағытталатын болады

Жаңа лизингтік бағдарлама бойынша 100 млрд теңге бөлінеді. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы айтатын болсақ, біз импорттық техникаға берілетін қаражатты тоқтата тұрамыз. Біз өз бюджетіміз есебінен отандық өндірушілерді қаржыландыруымыз керек деп санаймыз", - деп мәлімдеді үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121924-olzhas-bektenov-el-ekonomikasynda-osu-mumkindikteri-bar-zhane-biz-olardyng-aleuetin-ashu-ushin-zhumys-istep-zhatyrmyz/