Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД алматылықтарды арықтар мен каналдарды тазалауға шақырды

Жарияланған күні:

Жаңбырлы Алматы
Жаңбырлы Алматы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда алдағы күндері жаңбыр жауады деп күтілуде, сондықтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті өзендерде су көтеріліп, су басу қаупі барын ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК шұғыл ескертуіне байланысты қаланың таулы аймақтарының тұрғындарына үндеу жасады.

"Алматы қаласына іргелес жатқан таулы аймақтарда 22-24 маусымда қатты жауын-шашын болжамына байланысты ағынды сулардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Қауіпті деңгейден асып кетсе, тасып, су басуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға аумақтарыңыздан немесе жақын маңнан өтетін арықтар мен арналардағы қоқыстарды тазалау қажеттігін ескертеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121990-tzhd-almatylyqtarga-aryqtar-men-kanaldardy-tazalauga-shaqyryldy/