Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Астанадағы саябақ үстіндегі қою ақ "түтіннің" видеосы тарады

Жарияланған күні:

Түтін
Астанадағы саябақты "түтін" басты. Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

Астанада дезинсекциялық өңдеу жалғасуда. Осындай процедуралардың бірінен кейін саябақ үстіне қою ақ "түтін" басты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі Astanovka98 парақшасында жарияланды.

"Мұндай түтін Президент саябағы маңындағы тұрғындарды шошытты. Астаналықтар жағымсыз иіске шағымданды", - деді басылым авторлары.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне видеода болып жатқан жайт дезинсекциядан, яғни аумақты жәндіктерден тазарту нәтижесінде болғанын растады.

"Ағымдағы жылдың 18 маусымынан бастап "Столичная дезинфекция" ЖШС ашық бекеттерді – саябақтарды, алаңдарды, көшелерді, тұрғын үй аумақтарын өңдеудің 3-ші айналымын бастады.

Дезинсекциялық шаралар толық жоюға емес, жәндіктердің санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінде қалада түнгі сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін жүргізіліп жатқан ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындардың жайлы демалуы мен бос уақытын тиімді өткізу үшін халық көп жиналатын орындарға, яғни саябақтар мен жағалауларға ерекше көңіл бөлінеді", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Қала әкімдігі өңдеу кезінде сақтық шараларын сақтау керегін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2121993-zhelide-astanadagy-saiabaq-ustindegi-qoiu-aq-tutinning-videosy-tarady/