Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының тұрғыны үйін спортзалға айналдырған (видео)

Жарияланған күні:

Қызылорда облысының тұрғыны үйін спортзалға айналдырған
Қызылорда облысының тұрғыны үйін спортзалға айналдырған. Видеодан кадр : 24.kz

Қызылорда облысындағы Дүр Оңғар ауылының тұрғыны Серік Молдабеков үйін жаттығу залына айналдырған. Елді мекенде спорт кешені жоқ, деп хабарлайды 24.KZ арнасы.

Телеарна мәліметінше, болашақ чемпиондар мектеп жанындағы каратэ үйірмесіне қатысады. Оған сыймаған жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серік Молдабековтің үйінің ауласында шеберлік шыңдап жүр. Бекзат Болатбек 6 жылдан бері каратэ-домен шұғылданады. Облыстық біріншілікте төрт дүркін чемпион ол "арманым Қазақстанда, әлемде осы ауылды таныту дейді.

Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылының балалары мектеп жанындағы каратэ үйірмесіне қатысады. Ал жоғары сынып оқушылары ауылдағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Серік ағайдың үйінде шеберлік шыңдайды.

"Ауылда спорт кешені болмағандықтан бос тұрған бұрынғы балабақша, дәріхананың бөлмелерін спорт залға айналдырған күндер болды.

Кейін үйімнің ауласындағы екі бөлмелі уақытша баспанада спортшыларды жаттықтыра бастадым. Ең бастысы – ауылдың талантты ұл-қызының жасындай жарқырауына жол аштым", - дейді Серік Молдабеков.

Серік Молдабековтың айтуынша, халықаралық жарысқа алғаш рет қатысқан Қарақұлов Ғалым деген оқушысы болған. Жаттықтырушы сол жарысқа қатысқанда екінші орын алғанда қуанып, шағын ауылда жаттықтырған еңбегімнің ақталғанына марқайғанын жеткізді.

"Өткен жылы ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамытуға байланысты тоғыз спорт кешені пайдалануға берілсе, биылғы жылы 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл соңғы екі жылдағы спорт саласына салынған ауқымды инвестиция деп білеміз. Бұл бүгінгі тағда біздің қажеттіліктерімізден туындап отырған ауқымды жобалар", - дейді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122101-qyzylorda-oblysynyng-turgyny-uiin-sportzalga-ainaldyrgan-video/