Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не мазақ": журналист Асхат Садырбай телеарнаның батыр сұлбасындағы баннерін сынға алды

Жарияланған күні:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Журналист, продюсер Асхат Садырбай телеарнаның батыр сұлбасындағы баннеріне шүйлікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналистің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Садырбай жариялаған фотода ұлт батыры Бауыржан Момышұлының сұлбасы бейнеленген баннер "Еларна" телеарнасының лейблімен жасалған.

"Мынау енді не мазақ? Халық батырының портретін ғана емес, тұлғасын, есімін қорлау ғой.

Бір кездері өзім қызмет еткен телеарнаның осындай нәрсеге жол бергені өте ұят.

Телеарнаның рейтингін бұлай көтермейді", - деп жазды Асхат Сабырбай.

Сонымен қатар тележурналист телеарнаны бұлай дамытпайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122143-ne-mazaq-zhurnalist-ashat-sadyrbai-telearnanyng-batyr-sulbasyndagy-bannerin-synga-aldy/