Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің 40-тан астам университетінен шақырту алған қазақстандық оқушы АҚШ-қа аттанбақ

Жарияланған күні:

Ислам
Ислам Абдурахманов. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда түркістандық түлек БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария сынды елдерден шақырту алған.

Ислам 7-сыныптан бастап өзін түрлі бағытта сынап келеді екен. Әсіресе шахматты сүйіп ойнайтынын айтады. Интеллектуалды спорт түрінен облыстық және қалалық сайыстарға қатысып алтын мен күміс медальдарға ие болған.

"8 -сыныпта IT саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен Hackathon атты жарыстан алтынға қол жеткіздім. Осы іс-шарада алған тәжірибем "Қазақстан білім олимпиадасынан" бірінші орын иеленуіме себеп болды. 9- сыныпта қоғамдық жұмыстарға араласа бастадым. Түркістан қаласының Eco Turkistan клубының мүшесі атанып та біраз тәжірибе жинадым. Кейін Кентау қаласында өзімнің Green Team атты жеке эко клубымды аштым. 10-сыныпта үш жыл бойы жинаған жетістіктерімді ескере отыра өзімді мектеп көшбасшысы рөліне ұсынып, мектеп президенті атандым. Мекеменің өкілі ретінде "Республикалық жас көшбасшылар" құрылтайына шақырту алдым. Осы іс-шараның аясында министрмен кездестім", - дейді Ислам Абдурахманов.

11-сыныптан бастап жоғары оқу орнына грантқа түсуге ниеттенген Ислам әлемнің алты еліндегі 40-тан астам университетінен шақырту алды.

Исламның таңдауы – АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласындағы North American University(NAU). Құрлық асып білім алуды көздеген мектеп түлегі қаржы-кәсіпкерлік саласын таңдап отыр.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122182-alemning-40-tan-astam-universitetinen-shaqyrtu-algan-qazaqstyndyq-oqushy-aqsh-qa-attanbaq/