Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana бортсеріктері мардымсыз жалақыға шағымданды: әуе компания өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: facebook/airastana

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының бортсеріктері жалақысының төмен екенін айтып, ұжымдық шағым жазды. Олар EOtinish порталы арқылы наразылық білдіргені белгілі болды. Бұған қатысты компания өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Air Astana бортсеріктерінің шағымы туралы БАҚ-та пайда болған ақпараттардан кейін әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілдері портал тілшісіне бортсеріктер тарапынан жалақыны көтеру және еңбек шартын жақсарту бойынша өтініш болғанын растады.

Алдымен компания өкілдері бортсеріктердің жалақысы неден құралатынын түсіндірді.

"Бортсеріктердің ай сайынғы сыйақысына базалық еңбекақы және ұшқан сағаттары үшін төлем кіреді. Одан бөлек бортсеріктер іссапардағы тәуліктік шығындары мен жол жүру ақысына қосымша ақы алады. Бортсеріктердің жалақысы мен басқа да төлемдері жыл сайын қайта қарастырылып отырады және ол қызметкердің әуекомпаниядағы еңбек өтіліне, кәсібилігіне байланысты болады. Сондай-ақ мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі, түскен пайдадан бонус пен компанияның барлық қызметкеріне сыйлықақы бар", - делінген олар берген жауапта.

Содан кейін компания өкілдері бортсеріктерді қалай дайындайтынын айтып, қызметкерлеріне қандай жағдай жасалғанын мәлім етті. Айтуларынша, болашақ бортсеріктер Еуропа мен Қазақстандағы оқу орталықтарында әуе компаниясының есебінен тегін оқытылады.

"Әуе компаниясының әр қызметкеріне түрлі тренингтен өту мүмкіндігі, әлеуметтік пакет, медициналық сақтандыру, қызметкерлер мен олардың жақын туыстарына әуе билеттеріне жеңілдіктер және басқа да жеңілдіктер беріледі. Әуе компаниясы эстафета кезінде бортсеріктерге төрт-бес жұлдызды қонақүйлерде тұруға жағдай жасайды", - дейді компаниядағылар.

Осы ретте компания ұшу персоналының еңбек және демалыс жағдайлары, сондай-ақ зейнеткерлікке шығуы Қазақстанның еңбек заңнамасымен қатаң реттелетінін айтады.

Әуе компаниясының басшылығы бортсеріктердің өтінішін ескеріп, экипаждар мен басқа да қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайын одан әрі жақсарту жоспарын әзірлеуге уәде беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122185-air-astana-bortserikteri-mardymsyz-zhalaqyga-shagymdandy-aue-kompaniia-okilderi-zhauap-berdi/