Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қатты жерасты жарылысы болды (видео)

Жарияланған күні:

Тараздағы жарылыс
Тараздағы жарылыс. Видеодан скриншот: instagram.com/taraznews.kz

Желіде Таразда тұрғын үйлердің жанында болған жерасты жарылысының видеосы пайда болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметері келді. Оқыс жағдайға "QazaqGaz Aimaq" АҚ түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, 2024 жылғы 22 маусымда сағат 21.50-де "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласындағы Қарасу" шағын ауданында қатты жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жарылыс орнында газ құбыры өтпейтінін, жарылыстың басқа себептер бойынша болғанын және оның анықталып жатқанын хабарлайды", - деді диспетчерлік қызметінің өкілдері.

Компанияның мәліметінше, газ қызметінің мамандары оқиға орнын газ анализаторымен тексерген, ауада газ концентрациясы табылған жоқ.

Аймақ қоршауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына барлық қалалық қызметтер аттанды, жарылыс себептері анықталуда.

Аумақ қоршауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына барлық Қалалық қызметтер барып, жарылыстың себептері анықталуда.

Өрт 80 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Сондай-ақ кеше, 22 мамырда Астанадағы Хан Шатыр аумағында ірі өрт болды. ТЖМ 2-ден 27-қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп жатқанын түсіндірді. Өрт сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122380-proldzhzh/