Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Тоқаев полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтады

Жарияланған күні:

Полицейлер
Полицейлер. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық полиция қызметкерлерін 23 маусымда атап өтілетін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!", - деп құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының полиция күні ресми түрде 2007 жылы бекітілген. Кәсіби мереке күні 23 маусым болды. Мереке Қазақстандағы мейрам күндерінің тізіміне енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122428-prezident-toqaev-politsiia-qyzmetkerlerin-merekesimen-quttyqtady/