Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

RAMS Qazaqstan Алматыдағы ең биік ғимараттың құрылысын бастамақ

Жарияланған күні:

Джем Джиритджи
Джем Джиритджи. Фото: RAMS Qazaqstan

21 маусым күні Алматы қаласында RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылар мен көшбасшылардың жыл сайынғы RAMS PARTNERS REAL ESTATE SUMMIT халықаралық форумы өтті. Шараға үздік мамандар мен жылжымайтын мүлік агенттіктері қатысып, нарықтағы жаңа тенденциялар мен өзгерістерді талқылады.

Аталған жиын тау бөктеріндегі Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйінде ұйымдастырылды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы ең ауқымда шарада медиамагнат Арманжан Байтасов, журналист Динара Сәтжан, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен тағы басқа танымал блогерлер бой көрсетті.

Ал RAMS Qazaqstan компаниясының өкілдері серіктестерінің сұрағына жауап беріп, өз жобалары мен бизнес жоспарларын таныстырды. Жиынға келген мамандарға ТМД мен Еуропа елдерінде жұмыс істеген тәжірибелі маман, танымал бизнес-жаттықтырушы Виталий Голицын ой бөлісті.

Осы ретте RAMS Qazaqstan бас директорының орынбасары Джем Джиритджи биыл компания қаладағы ең биік ғимараттың құрылысын бастайтынын мәлімдеді.

Арманжан Байтасов, Динара Сәтжан, Бейбіт Әлібеков
Арманжан Байтасов, Динара Сәтжан, Бейбіт Әлібеков. Фото: RAMS Qazaqstan

"Қазір Алматы қаласы бойынша 10-12 жобамыз бар. Сондай-ақ Дубай мен Таиландта, Мәскеу мен Стамбұлда, Бодрум мен Германияда және Венгрияда жұмыс істеп жатырмыз. Ал биыл Алматыда қонақүй, бизнес орталық пен тұрғын үй кешені әрі shopping room бар Almaty PARK ғимаратын салуды бастаймыз. Аталған кешенге халықаралық танымал брендтер де келеді. Бұл қаладағы ең үлкен әрі биік ғимарат болмақ. Құрылысын 2 жылдан кейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Джем Джиритджи.

Бас директордың орынбасары RAMS Qazaqstan құрылғаннан бастап Алматы қаласында 90-нан аса жобаны жүзеге асырғанын да атап өтті. Ол 1997 жылы жұмысын бастаған компания осы уақытқа дейін оңтүстік астанада "Комфорт", "Бизнес" және "Премиум" санатындағы 20 мыңнан аса пәтерді, 4 000 000 шаршы метрден аса коммерциялық және тұрғын үй кешенін пайдалануға бергенін қуана хабарлады.

Евгения Кожа Ахмет
Евгения Кожа Ахмет. Фото: RAMS Qazaqstan

Ал RAMS Qazaqstan маркетинг және сату бөлімінің директоры Артем Жук RAMS Global халықаралық бренді Қазақстаннан бастау алғанын айтты.

"Қазіргі уақытта әлем бойынша 25 мың қызметкер біздің компанияда еңбек етеді. Бүгінде RAMS Global тек құрылыс саласында емес, бірнеше бағыт бойынша жұмысын жалғастыруда. Атап айтсақ, туризм, қоғамдық тамақтандыру, медицина және денсаулық сақтау саласы, коворкингтер мен жиһаздар желісі. Одан бөлек, өзіміздің Netflix бар", - деді Артем Жук.

RAMS PARTNERS REAL ESTATE SUMMIT
Фото: RAMS Qazaqstan

RAMS Qazaqstan сату жөніндегі директоры Ислам Пенюков шараға келген қонақтарды тағы бір жағымды жаңалықпен қуантты. Ол құрылыс компаниясы "Саяхат" автобекетінің маңайына аты аңызға айналған сағатты қайта орнататынын жеткізді. Компания аталған нысанды қала тұрғындарына сыйға тартпақ.

"Саяхат" маңы ата-әжелеріміздің, әкелеріміздің сүйікті кездесу алаңына айналған. Біз бұл аңызды қайта жаңғыртып, сағаты бар мұнара орнатып, қалаға сыйлауды шештік. Құрылыс 2025 жылдың соңында аяқталады", - деді ол.

Сондай-ақ Ислам Пенюков компания тұтынушыларына пайда табуға көмектесетін RAMS Family жобасын да таныстырды.

Музыкалық топ Ирина Кайратовна
Фото: RAMS Qazaqstan

RAMS PARTNERS REAL ESTATE SUMMIT халықаралық форумында жылжымайтын мүлік нарығында қызмет ететін агенттер тәжірибе алмасып, серіктестік орнатуға мүмкіндік алды. Қонақтар компанияның қала инфроқұрылымын дамытуда атқарған рөлімен танысып, оң баға берді.

Айта кетейік, RAMS Qazaqstan – RAMS Global брендінің бір бөлігі. Қазір RAMS Global Қазақстан, Түркия, БАӘ, Германия, Әзербайжан, Венгрия мен Ресей, Таиланд елдерінде жұмысын жалғастырып жатыр.

*Серіктес материалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122866-rams-qazaqstan-almatydagy-eng-biik-gimarattyng-qurylysyn-bastamaq/