Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңартылған құжат: Қазақстанда жеке куәлікке қандай өзгеріс енгізілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаңартылған жеке куәлік
Жаңартылған жеке куәлік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

15 маусымда Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады. Жаңартылған құжатта не өзгергенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Жеке куәліктің басты бетінде бұрынғыдай жеке деректер көрсетіледі – тегі, аты, әкесінің аты және туған күні. Сондай-ақ "жынысы" деген жол қосылды.

Азаматтың қолтаңбасы мен ЖСН нөмірі де басты бетте, сонымен қатар түсті фотосурет және оның ақ-қара түстегі "көшірмеcі" жоғарғы оң жақ бұрышқа қойылған.

Жаңартылған жеке куәлік
Жаңартылған жеке куәлік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жеке куәліктің артқы бетінде ЖСН штрих-коды, туған жер, ұлт және азаматтығы, сондай-ақ құжаттың берілген күні мен қай уақытқа дейін жарамды болатыны жазылған.

Құжатты берген орган туралы ақпарат енді жарамдылық күні жазылған мәліметтің оң жағында болады.

Жаңартылған жеке куәлік
Жаңартылған жеке куәлік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Негізгі дизайн мен функционал бұрынғы қалпында сақталған. Сол жағында жеке ЭЦҚ кілтін, тіркелген сертификатты жазып алуға болатын электрондық чип бар.

Биыл жеке куәлікті ауыстыру құны – 738,4 теңге.

"Электрондық үкімет" порталының мәліметінше, Қазақстан азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және ол республика аумағында жарамды. Ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарында жеке куәлік болуы міндетті. Жеке куәлік 10 жылға беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122893-zhangartylgan-quzhat-qazaqstanda-zheke-kualikke-qandai-ozgeris-engizildi/