Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі: Шегірткеден шығын келген жоқ

Жарияланған күні:

Айдарбек Сапаров
Айдарбек Сапаров. Фото: ortcom.kz

Бүгін парламент мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров "шегірткеден қанша шығын келді?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бүгінде шегірткеден шығын келген жоқ. Шегірткенің шаруашылыққа зиян тигізуі оңтүстік Қазақстан жағынан басталды. Шегіртке келген кезінде бірден тазарту жұмыстарын жасап үлгердік. Ал шаруаларға қиындық болса, айтыңдар деп айттық. 5 пайыз жеңілдікпен несие береміз", - деді министр.

Ол сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаражат туралы айтты.

"Былтыр 1,5 миллион гектар жерге шегірткемен күреске препарат алынса, былтыр препарат уақытында алынбағандықтан, 2,5 миллион гектарға көбейіп кетті. Біз зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, 2,5 миллион гектарға препапат себуіміз керек екенін түсіндік. Жоспар бойынша 4,2 млрд теңге бөлінді, жағдайды ескеріп, үкімет 3,9 млрд қосымша бөлді. Сондықтан қазір қаражат та, техника да жеткілікті", - деді Айдарбек Сапаров.

Министр шегірткемен күреске 427 техника, 36 ұшақ, 36 дельтаплан жұмылдырылғанын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122977-auyl-sharuashylygy-ministri-shegirtkeden-shygyn-kelgen-zhoq/