Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соққыдан есін жоғалтып алған": Алматыда көлік тұрағындағы оқиға видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Әлеуметтік желіде жерде ес-түссіз жатқан азаматты көтергісі келген әлдекімнің видеосы тарады. Бейнежазбаға қатысты Алматы полиция департаментінің өкілдері жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі alfarabi.news парақшасында жарияланды. Бейнероликтің астындағы жазбада оқиғаның Алматыдағы "Қазақстан" мейрамханасының көлік тұрағында болғаны айтылады. Онда жас жігіт ер азаматты ұрғаны, салдарынан ол есінен танып қалғаны жазылған.

Аталған жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде пікір білдірді.

"Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп, объетивті жағдайлар анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123097-soqqydan-esin-zhogaltyp-algan-almatyda-kolik-turagyndagy-oqiga-videoga-tusip-qaldy/