Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да үздік ауыл әкімі мас күйінде ұсталды

Жарияланған күні:

Орынбек Насимуллин
Орынбек Насимуллин. Фото: gov.kz

2022 жылы Батыс Қазақстан облысында үздік деп танылған Мерей ауылдық округінің әкімі қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл арқалады, деп жазады "Мой город" басылымы.

Басылым мәліметіне сүйенсек, "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжанға Тасқалы ауданы Мерей ауылдық округінің тұрғындары жүгінген. Олардың сөзінше, 1 маусым түнде ауыл әкімі Орынбек Насимуллин елді мекенде мас күйде жүрген. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор келген.

Айта кетейік, 2022 жылы Орынбек Насимуллин үздік ауыл әкімі болып танылған.

Әкімге қатысты ӘҚБтК 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оған 5 АЕК (18 460 теңге) айыппұл салынды.

"Біз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне де сұраныс жіберіп, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды өтіндік. Әкім өзін ақтап, үйде сыра ішкенін айтты. Көшеде шу естілген соң қарауға шыққанын алға тартты", - деді Бауыржан Ахметжан.

20 маусымда Орынбек Насимуллинге ескерту берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123166-bqo-da-uzdik-auyl-akimi-mas-kuiinde-ustaldy/