Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "E-otinish" жұмысында ақау пайда болды

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Көрнекі фото: eclipse_images / Getty Images

Қазақстанда "e-Otinish" электрондық өтініштер сайтының қызметінде ақау пайда болды. Қазіргі уақытта сайттың жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі ресми сайтында қазір "Е-Otinish" электрондық өтініштер сайты дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады.

"Аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған сайтта.

Айта кетейік, "E-Otinish" – ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік органдарға, олардың өңірлік филиалдарына және ведомстволық бағынысты мекемелеріне электрондық өтініштерді жіберу сервисі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123202-qazaqstanda-e-otinish-zhumysynda-aqau-paida-boldy/