Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вейп сатуға мүмкіндік сұраған кәсіпкерлердің өтініші қанағаттандырылмады

Жарияланған күні:

Вейп
Вейп. Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл соңына дейін вейп сатуға мүмкіндік сұраған кәсіпкерлердің өтініші қанағаттандырылмады. Депутаттар оларға бұған дейін өнімдерін шетелге сатып жіберуге мүмкіндік берілгенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Депутаттардың айтуынша, кәсіпкерлерге 100 күн бұрын жаппай ескерту жасалынған. Өнімдерін сатып үлгермегендер енді тауарларын утилизация арқылы жоя алады.

Ал жасырын түрде түрлі жолмен, соның ішінде интернет арқылы вейп сатқандар құзырлы органдардың тексерісіне ілінеді. Қылмыс үстінде ұсталғаны 50 тәулікке дейін қамалса, ел аумағына әкеліп таратқандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, жуырда кәсіпкерлер артылған тауарлардың қалған бөлігін сатуға 60 күн қосымша уақыт сұраған болатын.

"60 күн уақыт берілді. Мәжілістен қабылданып шыққанына да 100 күндей уақыт болды. Әрбір кәсіпкер түсіну керек қой, осындай қауіп болуы мүмкін екенін. Одан бөлек, қолдарында сатып жатқан вейптердің не лицензиясы жоқ, не сараптамасы жоқ. Сол себепті барлық жұмыс реттелу керек, утилизацияға жіберу керек немесе вейп сатуға рұқсаты бар мемлекеттерге беріп тастау керек", - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123211-veip-satuga-mumkindik-suragan-kasipkerlerding-otinishi-qanagattandyrylmady/