Аталмыш видео Instagram желісіндегі zhaloby.astana парақшасында жарияланған. Бейнежазбада ер адам айқайлап, кетуге талпынған бойжеткенді жібермей тұрғанын көруге болады. Алайда оның ер азаматқа шамасы жетпеген. Олардың қасында тағы бірнеше ер адам тұрған. Видео авторының жазбасына сәйкес, оқиға Астанадағы Сарыарқа ауданында сағат таңғы 03:15-те болған. Полиция департаментінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді. "Көгалдан бір нәрсе іздеген бойжеткеннің әрекеті тұрғындардың назарына іліккен. Олар бойжеткенді полиция келгенше ұстап тұруға тырысқан. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесінде шешім шығарылатын болады", - деді қалалық ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне. Ескерту: видеода бейәдеп сөздер кездеседі!