Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-ның бірнеше ауданында бруцеллез өршіген (видео)

Жарияланған күні:

Сиыр
Сиыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық ірі қара мал бруцеллез жұқтырған. Қазір мамандар қажет шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, СҚО-дағы инфекция жоспарлы диагностикалық зерттеу нәтижесінде анықталған. Қазіргі уақытта Аққайың ауданы Ленинское ауылы мен 4 жекеменшік шаруашылық бақылауға алынды.

Сондай-ақ өткен жылы өңірде 270 ірі қара малдан бруцеллез анықталғаны белгілі болды.

Айта кеткен жөн, адам бруцеллезді жануармен байланыста болғанда немесе оның қайнатылмаған сүтін ішіп, одан жасалған сүзбені, ірімшікті, қаймақты жеу арқылы жұқтыруы мүмкін.

"Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ барлық қажет іс-шараны қолға алады. Аурудың таралмауы үшін шектеу шаралары енгізіліп, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмек. Ауру жануарлар санитарлық союға жіберіледі.

Шектеу қойылған ауданда жануарлардан қан алу әр 15-20 күн сайын жүргізіледі. Екі рет теріс нәтиже болған жағдайда шектеу шаралары алынып тасталады", - деп түсіндірді Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123325-sqo-nyng-birneshe-audanynda-brutsellezding-orshui-tirkeldi-video/