Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды

Опубликовано:

Жазу жазып отырған бала
Жазу жазып отырған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қонаевта пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды. Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп жазады ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы Қонаев қаласында екі жасар бала құтқарылғаны жайлы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы парақшасында жарияланды.

"Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтер ішінде қамалып қалды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты.

Құтқарушылардың үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен табысталды. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес", - деді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123337-qonaevta-paterde-qamalyp-qalgan-bala-qutqaryldy/