Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда мұнай кәсіпорындарында миллиард теңгенің ұрлығы әшкере болды

Жарияланған күні:

Мұнай құбыры
Мұнай құбыры. Көрнекі фото: Antoine Gyori / AGP / Corbis / Getty Images

Маңғыстау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС-нің ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.

Жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды", - делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, "West Oil Software" ЖШС-де ("ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда негізсіз жалақы есептеу деректері анықталған.

"Осы бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру) бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде осы ұйымдардың басшылық қызметтегі 4 лауазымды тұлға ұсталды.

Қылмыстық істер облыстық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде", - делінген ресми хабарламада.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123427-manggystauda-munai-kasiporyndarynda-milliard-tenggening-urlygy-ashkere-boldy/